Бүгін жұмыс сапарымен қаламызға Ақмола облысының әдеп жөніндегі уәкілі Айнагүл Балғожақызы келді. Іс-шара аясында мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен жиын өткізіліп, онда қызметтік әдеп нормаларын сақтау, қызметтік мінез-құлық мәдениетін арттыру және т.с.с. мәселелер қарастырылды. Сонымен қатар, жиын барысында Степногорск қаласының әдеп жөніндегі уәкілі Мэлс Сәкенұлы жергілікті деңгейде әдеп нормаларын қолдануға қатысты өзекті мәселелерді ортаға салды. Жиыннан кейін Айнагүл Балғожақызы мемлекеттік қызметшілерді жеке қабылдау өткізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-stepnogorsk/press/news/details/971997?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау