Атырау облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Бұраң бел» облыстық би байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – ұлттық мәдениетімізді дәріптеу, жастарды би өнеріне баулу, дарынды өнерпаздарды анықтап, олардың кәсіби шыңдалуына мүмкіндік беру.
Аталған байқауға қала, ауданнан 36 би ұжымы қатысып, өз өнерлерін көпшілік назарына ұсынды.
Айта кетейік, байқаудың марапаттау салтанаты 10 сәуір күні сағат 17.00-де өтеді. Салтанатты шара аясында өнерге өлшеусіз үлес қосып жүрген ҚР Мәдениет қайраткері, режиссер, хореограф Мнаура Төлегенқызының шығармашылығына арналған «Өнермен өрілген өмір» атты шығармашылық кеші ұйымдастырылады.
Өтетін орны: Облыстық халық шығармашылығы орталығы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-madeniet/press/news/details/973271?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау