Бюджеттік процестегі тәуекелдерге дереу ден қою шаралары туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Төрағасының орынбасары Мұрат Оразбайдың басшылығымен бюджет процесінде тәуекелдерге дереу ден қою шаралары бойынша аумақтық Департаменттердің басшы құрамының қатысуымен жұмыс кеңесі өткізілді.

Айта кету керек, Комитет ақпараттық жүйелерді қашықтан мониторингтеу арқылы бюджеттің шығыс бөлігіндегі бұзушылықтар мен тәуекелдердің жолын кесуге ерекше назар аударады.

Тәуекелдер басқармасының басшысы Олжас Нукаевтың ақпараты бойынша, тәуекелдерді басқару жүйесімен 184 млрд теңгеге 694 тәуекелдік төлемдер анықталды, олар бойынша егжей-тегжейлі мәліметтер тиісті ден қою шараларын қабылдау үшін аумақтық департаменттерге жіберілді.

Әдетте, мұндай тәуекелдер жыл соңында бюджет қаражатының жаппай игерілуімен байланысты.

Кеңес қорытындысы бойынша Мұрат Оразбай тағайындалған тексерулерді жеделдетіп аяқтауды тапсырды, сондай-ақ аумақтық департаменттерге жақын арада жұмысты пайдалану үшін жаңартылған аудит құралы – «Электрондық Ішкі мемлекеттік аудит» модулі қолжетімді болатынын хабарлады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvga/press/news/details/972108?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version