ДЧС психологтарының қатысуымен тимбилдинг өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қызметкерлер арасындағы ынтымақтастықты нығайту және бір-біріне деген сенімді арттыру мақсатында ДЧС психологтарының қатысуымен ұжымдық тимбилдинг шарасы өткізілді. Шараның басты мақсаты – команда мүшелерінің арасындағы өзара түсіністікті күшейту, бірлесе жұмыс істеу дағдыларын дамыту және психологиялық тұрақтылықты арттыру.

Тимбилдинг барысында түрлі психологиялық жаттығулар мен сергіту ойындары ұйымдастырылып, қатысушылар бір-бірімен еркін қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік алды. Психологтар арнайы әдістемелерді қолдана отырып, ұжым мүшелерінің ішкі әлеуетін ашуға, сенім деңгейін көтеруге бағытталған тапсырмалар жүргізді.

Мұндай шаралар ұжым ішінде жағымды атмосфера қалыптастырып қана қоймай, қызметкерлердің кәсіби және жеке дамуына да оң әсер етеді. Тимбилдинг соңында қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, мұндай кездесулердің маңыздылығын атап өтті.

Қарағанды облысы ТЖД 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-karaganda/press/news/details/970604?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version