4 сәуір күні Балқаш қаласында «Балқаш қаласының білім бөлімі» ММ ұйымдастыруымен ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмысты жинақтау және тәжірибе тарату бойынша облыстық семинар өтті. Семинарға білім бөлімдерінің әдіскерлері, тәрбиешілер мен арнайы педагогтар, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлері, мектеп директорларының орынбасарлары, жалпы білім беретін мектептердің және қосымша білім беру ұйымдарының педагогтары қатысты.
Семинардың пленарлық бөлімінде инклюзивті білім беруді жүзеге асыруы талқыланды.
Іс-шара барысында секциялық жұмыстарда арнайы педагогтар КГКП «Ер Төстік» бөбекжайы, КМҚМ ” Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайы”, “№ 1 Жалпы білім беретін мектебі” КММ ұйымдарынан ашық сабақтар, түзету жұмыстары мен шеберлік сағаттарын өткізді.
Сондай-ақ, түрлі техникалық әдістермен орындалған әдістемелік өнімдер мен шығармашылық жұмыстардың көрмелері ұйымдастырылды.
Семинарға қатысушылар практикалық сабақтарға, тренингтерге белсенді қатысып, семинардың өзектілігін және жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-balhash/press/news/details/972440?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау