ҒЫЛЫМ ОРДАСЫНДА «СӘТБАЕВ САКУРАЛАРЫ» ҚАЙТА ЖАҢҒЫРДЫ
Бүгін, 11 сәуір күні, ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясында Ғылым қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты – отандық ғылым саласындағы жетістіктерді насихаттау, ғалымдардың ерен еңбегін бағалау, сондай-ақ жас зерттеушілерді ынталандырып, олардың инновациялық бастамаларына қолдау көрсету.
Бағдарлама аясында ғылыми-инновациялық әзірлемелер көрмесі ұйымдастырылып, еліміздің жетекші ғалымдары мен академиктері мазмұнды баяндамалар жасады. Сонымен қатар ведомстволық наградалар табысталып, белгілі ғалымдар академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған арнайы төсбелгілермен марапатталды.
Іс-шара шеңберінде «Ғылым ордасының» ауласында ерекше символдық мәнге ие «Сәтбаев сакураларын» жаңғырту рәсімі өтті. Бұл күні екі сакура ағашы – Kanzan және Kiku-Shidare түрлері отырғызылды.
Аталған бастама – қоршаған ортаны қорғауға қосылған үлес қана емес, сонымен қатар ұлттық ғылымның тарихына, оның ішінде академик Қаныш Сәтбаевтың мұрасына деген құрметтің көрінісі. Айта кетейік, осы орында алғаш рет сакура ағаштарын 1960 жылдары жапон делегациясы Қаныш Сәтбаевтың құрметіне отырғызған болатын.
Сакураларды отырғызу рәсіміне академиктер, депутаттар, жапондық делегация мүшелері мен ғылыми қауымдастық өкілдері қатысты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/974607?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау