Бүгін Жұмаев елді мекенінде “Ішімдіксіз қоғам” тақырыбында ауыл тұрғындарымен жиын өтті.
Жиын барысында Жәнібек аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Е.Опиев, аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция бөлімшесінің бастығы Н.Турешов аталмыш тақырып бойынша баяндама жасады.
Бұл жиын Жұмаев елді мекенінде тек қана білім беру ғана емес, сонымен қатар ішімдікке қарсы күрестің бастапқы қадамы болып табылады. Қоғамның сау және қауіпсіз болашағы үшін әрбір азаматтың осы мәселеге сергек қарап, оған қарсы тұруы қажет екенін түсінген жұрт жиынның соңында бір ауыздан ішімдікті жоққа шығару үшін күш біріктіруге келісім берді.
Сонымен қатар жиын барысында тұрғындарға интернет алаяқтық туралы да түсініктемелер берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-zhanibek-tau/press/news/details/974136?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау