КЕНТАУ ҚАЛАСЫНА ҚАРАСТЫ АУЫЛДА ТҰРҒЫН ҮЙГЕ ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылында «Тұрғын үйді қайта жаңғырту» бағдарламасы аясында көпқабатты тұрғын үйлерге құрылыс және жөндеу жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде.

Бағдарлама халықтың тұрмыс сапасын арттыруға, ескі тұрғын үйлерді жаңартуға және ауыл инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған.

Бүгінгі таңда ауылдағы 4 көпқабатты үйдің шатырлары ауыстырылып, қасбеті жаңартылып, ішкі бөліктерін әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Тұрғын үйлерді жаңғырту жыл соңына дейін жалғасын табады.

Айта кетейік, Хантағы ауылында жалпы 9 көпқабатты тұрғын үй бар. Олардың бір қатарына 60-70 жыл болса, бір ғасыр уақыт өткен үйде бар. Бүгінгі таңға дейін ешбіріне күрделі құрылыс жұмысы жүргізілмеген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/973338?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version