КЕНТАУДА КӘСІПКЕРЛІК НЫСАН ИЕЛЕРІНЕ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін де Кентау қаласында қаланың көркеюіне ерекше үлес қосатын кәсіпкерлік нысандардың қатары көбейіп келеді. Алайда, халыққа қызмет ететін ғимараттардың тазалығы, сыртқы келбеті, санитарлық талапқа сай болуы маңызды.

Осы ретте, қалалық полиция бөлімі және қалалық құрылыс және сәулет бөлімі қалада орналасқан кәсіпкерлік нысандарды аралап, кәсіпкерлерге түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Негізгі мақсат кәсіпкерлік нысандардың санитарлық талапқа сай болуы, сыртқы келбеті, заңсыз қосылған дүңгіршіктерді алып тастау.

Тексеру барысында нысанның алдына заңсыз жеңіл конструкциялы ғимарат орналасуына сәйкес, Кентау қаласы полиция бөлімі тарапынан ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабы 1 бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Кәсіпкерлік нысандардың сыртқы көрісінісі қала келбетінің көркіне әсер етеді. Сонымен қатар, халыққа қызмет ететін нысандардың айналасын ретке келтіріп, тазалап отыруы қажет. Түсіндерме жұмыстары барысында талапқа сай келмейтін кәсіпкерілік нысан иелеріне ескерту жасалды. Жұмыстар әлі де жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/971768?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version