Кішкентай экологтар шығармашылық жұмыстарды қорғады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы 2025 жылдың қаңтарайынан бастап кішкентай экологтармен «Менің гүлім» қалалық экологиялық акциясын өткізді. Мақсаты – экологиялық мәдениетті, қоршаған ортаға қамқорлықтық алыптастыру, өсімдіктер әлемін зерттеу, өсімдіктерді өсіру және күту әдістері туралы шығармашылық жұмыс дағдыларын қалыптастыру.

Акцияға 4 – 6 жас аралығындағы № 8, 15, 18, 21, 24, 29, 40, 43, 53, 84, 85, 86, 96, 104, 112, 117, 121 бала бақшалардың 40-тан астам тәрбиеленушілері және № 2, 6, 21,26, 27, 32, 33, 36, 39, 40, 41, М. Әуезов атындағы, Қ. Бекхожин, А. Бөкейхан атындағы, А. Байтұрсынұлы атындағы, М. Жүсіп атындағы, Р. Нұртазина атындағы, С. Торайғыров атындағы, А. Шамкенов атындағы, Жетекші, Кенжекөл ЖОМ 1 – 4 сыныптардың 45-тен астам оқушылары қатысты.

Акцияның шарттары бойынша қатысушылар бөлме өсімдіктері туралы материалдарды зерттеді, оларды отырғызу бойынша шеберлік сағаттарға қатысты, өсімдіктердің өсуі мен дамуын бақылау күнделіктерін жүргізді. Акция қорытындысы бойынша сәуір айында шығармашылық жұмыстарға қатысушылардың екі күндік қорғауы жүргізілді.

– Қатысушылар бөлме өсімдіктерін өсіру бойынша 80-нен астам шығармашылық жұмыстарды ұсынды. Мұнда өз жұмыстарын таныстырып қана қоймай, оны театрландырылған формата ұсынған ең кішкентай қатысушыларды ерекше атап өткім келеді, – деп атап өтті орталықтың «Экология» бөлімінің меңгерушісі Губарь Наталья Николаевна.

Акция қорытындысы бойынша балабақша тәрбиеленушілері арасында 20 қатысушы жүлделі орындарғаие болды. Сонымен, бас жүлдені № 96 сәбилер бақшасының тәрбиеленушісі, 5 жастағы Сартаков Даниэль иеленді.

-Мен молочай Миляны өсірдім және қазылар алқасына гүл отырғызу бойынша шеберлік сағатқа қатысуды ұсындым, – дейді Даниэль.

«Адениум-шөлраушаны», «Меніңгүлім – фиалка» тақырыптарындағы жұмыстары үшін I орынды № 96, 29 сәбилер бақшасының тәрбиеленушілері иеленді.

ІІ орынды № 121, 18), 15, 85 (2), 24, 29, 21 сәбилер бақшасының тәрбиеленушілері иеленді. Олар «Колеус», «Вьюнок – менің сүйікті гүлім», «Петуния», «Глоксиния», «Спатифиллум», «Күнгүлі», «Бальзамин» атты өз жұмыстарын қорғады.

ІІІ орынды № 15 (2), 53, 84, 24, 104, 86 сәбилер бақшаларының тәрбиеленушілері және Ж. Тәшенев атындағы мектептің 1 сынып оқушысы иеленді. Олар «Колеус», «Пеларгония», «Бальзамин», «Календула», «Бархатцы», «Настурция» тақырыптарындағы жұмыстарын қорғады.

Бастауыш сынып оқушылары арасында гидропоникада өсірілген спатифиллум үшін № 39 мектептің 2-сынып оқушысы Энгельс Даниил І орынды иеленді.

ІІ орынды № 40, 39, 36, 2, 41, 40 мектептің оқушылары иеленді. Олар «Терезедегі көкөніс бағы», «Король гүлі – герань», «Каланхоэ» тақырыптарында өз жұмыстарын қорғады.

ІІІ орынды Жетекші ЖОМ, А. Байтұрсынұлы атындағы (2), № 33, М. Әуезов атындағы, № 21, Қ. Бекхожин атындағы оқушылары иеленді. Олар «Терезедегі салат», «Герань», «Хлорофитум», «Финиковая пальма», «Тұқымнан жасалған мандарин» тақырыптарында өз жұмыстарын қорғады.

– Мұндай акцияны орталық бірнеше жыл өткізіп келеді және оқушылардың саны артып келеді. Жаңадан келген экологтар өздерінің ғылыми-практикалық жұмыстарын ұсынады. Бұліс – шарада ұйымдастырушылар бөлме өсімдіктерінің ерекшеліктерін, оларға күтім жасау әдістері және ата-аналармен бірлескен іс-шараларға тарту туралы білімдерін кеңейтуге міндеттер қояды, – дейді Губарь Наталья Николаевна.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-bilim/press/news/details/972057?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version