Колледж студенттері ҚАЖ мекемелерінде футбол ойнап жарысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің  №11 мекемесінде,  жазасын өтеуші жасөспірімдер арасында және Алматы қаласының колледж студенттермен бірлесе отырып, шағын футболдан спорттық іс шара өтті. Шағын футболға Алматы технология және Флористика колледжінің «АКТИФ» командасы, Алматы сән және дизайн колледжі «Акмис» командасы, Логистика және көлік академиясының Алматы колледжінің «АLT» командасы және мекеме қызметкерлерінің құралған команда, жазасын өтеуші жасөспірімдердің «Жастар» командасы барлығы 5-команда қатысты.

Жарыс тартысты қызықты өтті.  Есеп 2:0 «АLT» командасы басым түсіп 1-орын алса, №11 мекеменің «Жастар» командасы 2-орынға ие болды. Қатысқан басқа командалар қалған орындармен бөлісті. Осы іс-шараның жақсы өтуіне байланысты, қатысқан командаларға тәрбие бөлімінің қызметкерлері алғыс хаттар табыс етті.

Аталмыш іс шараны ұйымдастырудың басты мақсаты-футбол әлемдегі ең танымал топтық ойындар болғандықтан жастар арасында өткізілуі, футбол ойнында жастарды ұйымшылдыққа үйрете отырып, салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almduis/press/news/details/970205?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version