Елордалық құтқарушылар Ақмола облысының Макинск қаласы және Макинка ауылында су тасқынына қарсы жұмыстарды толық орындап, тұрақты орналасу мекеніне оралды.
Елордалық 54 құтқарушы мен 9 бірлік техника, 3 жүзу құралы, 11 мотопомпа және 3 өрт сорғы станциясы облыс аумағында су тасқынына қарсы және шұғыл жұмыстарды жүргізді.
Тәуліктік режимде жұмыс атқарған құтқарушылардың күшімен еріген қар суын сору және бұру жұмыстары жүргізіліп, бөгет нығайтылды.
Кез келген уақытта көмек көрсету құтқарушылар үшін абырой, басты міндет!
Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-astana/press/news/details/974106?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау