Маңғыстау облысында  тіл туралы заңнама талаптарын түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысында  тіл туралы заңнама талаптарын түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Маңғыстау облысында 30-дан аса нысан иелеріне заң нормалары түсіндіріліп, көрнекі ақпаратты заңға сәйкестендіріп рәсімдеуде көмек көрсетілді. Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының мамандары әртүрлі кәсіп иелері мен халыққа қызмет көрсету саласының өкілдеріне маңдайша жазулары, жарнама, ас мәзірі, түбіртек, ақпараттық жазулар, т.б.  көрнекі ақпараттың тіл туралы заңнамаға сәйкес жазылуын түсіндіріп, әдістемелік көмек көрсетуде.

Сонымен қатар, арнайы ақпараттық жүйе арқылы тексеру жұмыстары жүргізіліп, 3 кәсіпкерге әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту берілді. Белгілі кезеңде көрнекі ақпараттар заңнама талаптарына сәйкестендірілмеген жағдайда – айыппұл қарастырылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-history/press/news/details/971434?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version