МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІК МӘСЕЛЕСІ – КҮН ТӘРТІБІНДЕ
Бүгін аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті.
Кеңес барысында коммуналдық меншікті тиімді басқару және ауылдық округтердегі су ұңғымаларын теңгерімге алу мәселелері талқыланып, сала жетекшілерінің баяндамалары тыңдалды.
Ауданда қазіргі уақытта 35 коммуналдық мемлекеттік мекеме жұмыс істейді. Салалар 74 қызметтік автокөлікпен қамтылған.
Ауданда 192 су ұңғымасы анықталған. Оның ішінде: 104 ұңғыма – егістік алқаптарында болса, 88 ұңғыма – ауылішілік және мал қыстауларында орналасқан.
Кеңес қорытындысымен аудан әкімі күн тәртібінен тыс бірқатар өзекті мәселелерді талқылап, жауапты тұлғаларға нақты хаттамалық тапсырмалар жүктеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ryskulov/press/news/details/974080?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау