Мерекеден кейін тазалық жұмыстары қарқын алды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін, Ақтау қаласындағы теңіз жағалауында тазалық жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде.

«Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының ашылу салтанаты аяқтала салысымен коммуналдық сала қызметкерлері бірден тазалық жұмыстарына кірісті. Бүгін де олар ала таңмен жағалау аумағын қоқыстан тазартып жатыр.

Осы уақытқа дейін 50 тонна қоқыс жиналды. Бұл жұмыстарға 120 қызметкер мен 8 техника жұмылдырылды. Алдағы уақытта тазалық жұмыстары жалғасады.

Құрметті, қала тұрғындары мен қонақтары! Қоршаған ортаны бірге қорғап, айналамызды таза ұстауға шақырамыз.

 

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/971919?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version