Мониторингтің басталуы – №8 мекеме

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 10 сәуірде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілі А.Ж. Байдуллина Ақтөбе облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясымен (бұдан әрі – Комиссия) бірлесіп, Ақтөбе қаласындағы қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне мониторинг жүргізуді бастады. Бірінші нысан ретінде орташа қауіпсіздік деңгейіндегі РММ «№8 мекеме» таңдалды.

Мониторинг барысында сотталғандардың ұсталуының шарттары, медициналық қызметтің жұмысы, санитарлық-гигиеналық жағдай және тамақтану мәселелері қаралды.

Негізгі назар сотталғандардың құқықтарының сақталуына, медициналық көмекке қолжетімділікке, психологиялық және құқықтық қолдаудың болуына аударылды.

Мониторинг қорытындысы бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар дайындалып, Комиссия отырысында қаралатын болады. Мониторингтік жұмыстар жалғасатын болады.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-aktobe-oblysy/press/news/details/974689?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version