Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндерден «Армысыңдар, адамдар!» атты облыстық әншілер байқауы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Талдықорған қаласы І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндерден облыстық «Армысыңдар, адамдар!» атты әншілер байқауының Гала-концерті өтті.

Байқауды Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және облыстық халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырды.

Байқаудың мақсаты: Қазақ халқының қадір-қасиетін айта алған мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың есімі мәңгілік ғұмырға айналды. Ақынның сан алуан тақырыптағы өлеңдеріне ән жазған композиторлар санында есеп жоқ. Сол әндер бүгінде ел игілігіне айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. М.Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндер мен жаңа орындаушыларды анықтап, жастар арасында өнерге деген құштарлықты арттыру. Мұқағали мұрасын кеңінен насихаттау.

Осыған орай айтулы әншілер байқауына Жетісу облысының аудан,  қала аймақтарынан 16-35 жас аралығындағы 19 әнші 2 номинация (дәстүрлі ән, эстрадалық ән) бойынша сайысқа түсті. Әр қатысушы (дуэт, трио, квартет, 7 адамнан аспайтын вокалдық топ) М.Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған  2 ән орындады. Үміткерлер белгілі бір аспаппен өздерін сүйемелдеу арқылы жанды дауыспен өнерін көрсетті.

Байқаудың қазылар алқасының мүшелері құрамында Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын, қазылар алқасының төрағасы – Әрін Әміре Әрінұлы. Қазақстан Республикасының Халық әртісі – Кенжебекова Алмахан Нүрпейісқызы. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері – Асқарбеков Бақберген Нұршабекұлы. Қазастан Республикасының Мәдениет қайраткері, Жетісу облыстық «Jetisu» газетінің бас редакторы – Әміреев Жұматай Оспанұлы. Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясы директорының орынбасары – Кенжебаев Бауыржан Қайратұлы.

Байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болып, дипломдармен мен алғыс хаттармен марапатталды.

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/973407?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version