Облыста орман өрттерінің алдын алу жұмыстары күшейтілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз брифингінде Атырау облысы ТЖД МӨББ бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Б. Абдуллин сөз сөйледі.

 

Өрт қаупі бар маусымның өтуіне байланысты облыста орман  және дала өрттерінің алдын алу мақсатында кешенді шаралар қолға алынды.

 

Облыс аумағында жалпы көлемі 170 мың гектарға жуық орман алқабы бар, оның ішінде 18 мың гектары — орманды жерлер. Бұл аумақтарды қорғау жұмыстарын Атырау, Махамбет, Индер, Құрманғазыдағы орман шаруашылықтары мен мемлекеттік «Ақжайық» табиғи резерваты жүзеге асырады.

 

Жыл басталғалы орман өрті төрт мәрте тіркелсе, қызыл жалын одан бөлек 16 жерде туындаған. Өткен жылы бұл көрсеткіштер екі жағдайға артық тіркеліпті. Келтірілген шығын көлемі 13 млн теңгеге жуық қаржыны қамтиды. Биыл өртке қарсы іс-шаралар аясында 167 шақырым минералдандырылған жолақ төселіп, 102 аншлаг жаңартылып, 25 билборд орнатылған.

– Өрттердің басым бөлігі адамның табиғатқа немқұрайлы қарауынан туындайды. Тұрғындар қоқысты немесе құрғақ шөпті өртейді, темекі тұқылын немесе сіріңкені сөндірмей тастайды. Осындай әрекеттер үлкен апатқа себеп болуы мүмкін,– деді Б.Абдуллин.

 

Қазіргі таңда облыс аумағында Ақжайық резерваты мен орман шаруашылығы мекемелерімен бірлескен сегіз мобильдік топ құрылған. Патрульдеу жұмыстарына 30-дан астам арнайы техника жұмылдырылды. Сондай-ақ өңірде 64 өрт сөндіру жасағы құрылып, 900-ге жуық ерікті өрт сөндіруші тиісті жабдықтармен қамтамасыз етілген.

 

Атырау облысы ТЖД ИЖ және СКТ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-atyrau/press/news/details/973315?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version