Өкіл өңірдегі білім беру мекемелерінде санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуы мәселелеріне арналған кеңеске қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 4 сәуірде Маңғыстау облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі А. Құжиев өңірдегі білім беру мекемелерінде санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуы мәселелеріне арналған кеңеске қатысты.

Кеңес Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары А. Урисбаевтың төрағалығымен өтті. Талқылауға уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері мен Маңғыстау облысы бойынша Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Т. Болатбаева да қатысты.

Кездесу барысында мектептер мен балабақшалардағы қазіргі санитарлық жағдай қарастырылып, проблемалық мәселелер анықталып, балалар үшін қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету мақсатында одан әрі өзара іс-қимыл жолдары айқындалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-mangystau-oblysy/press/news/details/971304?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version