Атырау қаласында ҚР Мәдениет қайраткері, сценарист, режиссер, хореограф Габдушева Мнаура Төлегенқызының шығармашылығына арналған «Өнермен өрілген өмір» атты кеш өтті.
Мнаура Төлегенқызы мәдениет саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, сан түрлі мәдени-көпшілік іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастырып, режиссура бағытында өзіндік қолтаңбасын қалдырған дара тұлға. Өзінің кәсіби шеберлігі мен жоғары біліктілігін ұштастыра отырып, облыс мәдениеті мен өнерінің дамуына сүбелі үлес қосты.
Кеш барысында Басқарманың құттықтауын Жәнібек Қайратұлы табыстады. Сонымен қатар, Атырау облысы ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы М.Әбілхайыров Мнаура Төлегенқызына “Хиуаз Доспанова” атындағы медальді тағып, салтанатты түрде құттықтады.
Іс-шарада ардагер – ұстаздың шәкірттері мен замандастары, зиялы қауым өкілдері де жүрекжарды лебізін білдіріп, ерекше ықылас танытты. Сонымен қатар, мәдениет саласының дамуына өз үлесін қосып жүрген М.Төлегенқызының шәкірттері кеш қонақтарына әсерлі өнер көрсетті.
Өнерге адалдықпен өрілген ғұмыр – ұрпаққа үлгі, ұлтқа мұра.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-madeniet/press/news/details/974311?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау