«Заң мен тәртіп» қағидатын насихаттау аясында Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Оңтүстік тау-химиялық компаниясы «Бірлескен кәсіпорны» ЖШС ұжымымен кездесті.
Іс-шараның мақсаты – қызметкерлердің қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама туралы хабардарлығын арттыру және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру.
Кездесуде ұжымға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі ережелері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жазалар түсіндірілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері жұмыста заң үстемдігі мен ашықтықты сақтаудың маңыздылығын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда әрбір қызметкердің белсенді қатысу қажеттігін атап өтті.
Кездесу соңында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың тиімділігін арттыру үшін ынтымақтастық пен ақпарат алмасу жолдарын талқылады.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-shymkent/press/news/details/971452?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау