Өткен жылы өңір экономикасында айтарлықтай өсім байқалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметінше, өңір экономикасы соңғы жылдары тұрақты өсім көрсетіп келеді. Жалпы ішкі өнімнің шамамен 35%-ын өнеркәсіп саласы қамтамасыз етіп, өңір экономикасының негізгі тірегіне айналып отыр. Бұған қоса, сауда (14,1%), көлік және қоймалау (7,9%), құрылыс (6,5%) және ауыл шаруашылығы (4,4%) да айтарлықтай үлес қосуда.

Экономиканы әртараптандыру мақсатында өңдеу өнеркәсібін дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Бұл салада жыл қорытындысы бойынша өнім көлемінің 10%-ға өсуі қамтамасыз етілді. Осындай нәтижелердің арқасында біздің облыс өңдеу өнеркәсібі бойынша еліміздегі алдыңғы бес өңірдің қатарына енді.

Көлік және қоймалау саласында да оң динамика байқалады – көрсетілген қызмет көлемі өткен жылмен салыстырғанда 59 млрд теңгеге артқан. Бұл логистикалық инфрақұрылымның дамып келе жатқанын білдіреді.

Сондай-ақ, облыстың ішкі тауар айналымы 2,2 трлн теңгеге жетіп, 2023 жылмен салыстырғанда 11%-ға өскен. Бұл өңірдегі кәсіпкерлік белсенділіктің жоғары екенін көрсетеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-digital/press/news/details/971895?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version