Оралда арқан тартыс бойынша ашық республикалық турнир өз мәресіне жетті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Орал қаласындағы “Jaiyq Arena” спорт кешенінде өткен арқан тартыс бойынша ашық республикалық турнир аяқталды. Жарысқа еліміздің әр өңірінен 10 команда қатысып,турнир барысында командалар күш, төзімділік және ауызбіршілік көрсету арқылы көрермендерге тамаша әрі тартысты бәсекелер сыйлады.

Жарыс нәтижелері бойынша:

Ерлер арасында (720 кг):  

 1 орын – Шығыс Қазақстан облысы
 2 орын – Ұлытау облысы
 3 орын – Көктерек командасы (Батыс Қазақстан облысы)

Әйелдер арасында (560 кг):

1 орын – Шығыс Қазақстан облысы
 2 орын – Сырым ауданы
 3 орын – Орал қаласы (Армспорт командасы)

Ерлер арасында (1000 кг):

1 орын – Шығыс Қазақстан облысы
 2 орын – Көктерек командасы (Батыс Қазақстан облысы)
 3 орын – Ұлытау облысы

Аталмыш турнирге Арқан тартыс федерациясы төрешілер алқасының төрағасы Жандос Қоныспаев, Арқан тартыс федерациясының вице-президенті Нұрлан Жабаев, БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов, сондай-ақ Ұлттық спорт түрлері бойынша облыстық балалар-жасөспірім спорт мектебінің директоры, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Ерболат Байбатыров қатысып, жеңімпаздарды марапаттады .

Барлық қатысушыларға өздерінің күш-жігері мен мықтылықтарын танытқандары үшін шын жүректен алғыс білдіреміз және жеңімпаздарды құттықтаймыз!

 БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі

Байланыс үшін: 8 708 854 55 96 (Айнұр)

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-sport/press/news/details/971088?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version