Петропавлда полицейлер күшейтілген режимде қызмет атқаруды жалғастыруда. Қалалық жағажай мен қаланың батыс шетінде, Есіл өзенінің бойында орналасқан бау-бақша серіктестіктерінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке ерекше назар аударылуда.
Апта басынан бері полицейлер мен ТЖД құтқарушылары саяжай аумақтарын тұрақты түрде су арқылы патрульдеуде. 8 сәуірден бастап жағажай бұрылысындағы полиция бекетінен екінші моторлы қайық суға түсіріліп, кезекшілікке шықты. Ашық учаскелерде қайықтар жоғары жылдамдықпен қозғалса да, кейбір жерлерде су тайыз болғандықтан, ағаштар мен бұталар, сондай-ақ су астындағы бөгеттер моторға зиян келтірмеу үшін ескекпен қозғалуға мәжбүр етеді.
Құрлықта полиция қызметкерлері Ұлттық ұланның 6637 әскери бөлімінің сарбаздарымен бірге бау-бақша маңында орналасқан 12 бекетте тәулік бойы кезекшілік етуде.
Негізгі міндет — адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және иесіз қалған мүлікті ұрлық пен зақымданудан қорғау. Патрульдеудің алғашқы күні тыныш өтті, ешқандай құқықбұзушылық тіркелген жоқ. Жағдай полиция мен төтенше жағдайлар қызметінің тұрақты бақылауында. Барлық жұмыс жергілікті тұрғындардың тілектері мен уайымдарын ескере отырып ұйымдастырылуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/972278?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау