Бүгін Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков бірқатар азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.
Қала әкімінің қабылдауына келген тұрғындар жер кезегі, тұрғын үймен қамтамасыз ету, тал кесу, жаяу жүргінші жолы және аялдама орнату, еңбек ардагерлеріне тегін жол жүруді ұйымдастыру, заңсыз құрылыс нысанына тосқауыл қою, көше жарықтандыруы мен тағы басқа инфрақұрылымға қатысты сауалдар қойды.
Сонымен қатар, қалаішілік арық жүйесін жөндеу жұмыстарына да қатысты мәселелер қозғалды.
Қала әкімі қабылдауға келген тұрғындардың сауалын мұқият тыңдап, зерделеу жұмыстарынан кейін заң аясында шешімін табатындығын айтты. Ал азаматтардың өтініш-тілектерін жауапты мамандарға тапсырды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/974455?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау