Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында Ақсақалдар кеңесінің ұйымдастыруымен «Бейбітшілік пен келісім туралы ақсақал тағылымы» тақырыптық күні өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында Ақсақалдар кеңесінің ұйымдастыруымен «Бейбітшілік пен келісім туралы ақсақал тағылымы» тақырыптық күні өтті. Жиынға Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, ЭМБ өкілдері мен ҚР IIМ Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы полиция полковнигі Г.М.Есболаев және курсанттар қатысты.
Тақырыптық күн аясында «Неліктен Қазақстан халқы бейбітшілік пен бірлікте өмір сүруде» атты дәріс оқылып, Қазақстан халқы Ассамблеясының елдегі этностар бірлігін нығайтудағы 30 жылдық рөлі, жастарды ынтымақтастық дәстүрлері мен этносаралық құрметті сақтау және нығайту, сондай-ақ қазақстандық қоғам үшін «бірлігіміз – әралуандықта» қағидатының маңызы түсіндірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-sayasat/press/news/details/974534?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version