Астанада екі күн ішінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жанындағы жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Оған Сенат төрағасы М.С. Әшімбаев, Үкімет мүшелері, сенаторлар, барлық деңгейдегі мәслихат төрағалары қатысты.
Кеңестің кеңейтілген отырысы депутаттарға сұрақ қоюға, министрліктер мен ведомстволардың басшыларына ұсыныстар беруге бірегей мүмкіндік берді.
Кеңес шешім әзірлеу және пікір алмасу үшін тиімді алаң болып табылатыны атап өтілді.
Алдағы уақытта да мәслихат өз жұмысында экономикалық және әлеуметтік мәселелерде – бюджеттерді бақылаудан бастап, өңірлік күн тәртібін қалыптастыруға дейінгі өз рөлін күшейтуге тиіс.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-audan/press/news/details/970846?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау