2025 жылғы 7 сәуірде Қонаев қаласында «Денсаулық фестивалі» аясында «Walk the Talk» атты спорттық акция ұйымдастырылды. Жеңіл атлетика жарысы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен өтті.
Аталған шараға Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының 20-дан астам қызметкері қатысты. Әйелдер 1,6 шақырым, ал ерлер 3 шақырым қашықтыққа жүгірді.
Іс-шараның басты мақсаты – бұқаралық спорт пен дене шынықтыруды насихаттау, азаматтардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын арттыру және салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.
Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен медальдар табысталды.
Жарыс нәтижелері бойынша жеңімпаздар:
Әйелдер арасында:
-
І орын – Қуанышбаева Маржан
-
ІІ орын – Қайратқызы Лаура
-
ІІІ орын – Абжанова Алмагүл
Ерлер арасында:
-
І орын – Асенов Алмат
-
ІІ орын – Қалиев Айбол
-
ІІІ орын – Жақсылық Әлішер
Шараны Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы және Алматы облыстық дене шынықтыруды және спортты дамыту орталығы бірлесе ұйымдастырды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/971797?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау