ҚР ТЖМ басшысы Hytera және IDG Solutions компанияларының өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

 

  Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов қытайлық Hytera Communications Corporation Limited компаниясының және оның Қазақстандағы ресми серіктесі “IDG Solutions” ЖШС өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді.

  Кездесу барысында кәсіби радиобайланыс жүйесіне заманауи цифрлық технологияларды енгізу мәселелері, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезіндегі шұғыл қызметтердің өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру перспективалары талқыланды.

  Министр бүкіл ел бойынша бірыңғай байланыс стандарттарын енгізудің маңыздылығына тоқталды: «Радиобайланыстың заманауи технологияларын енгізу шұғыл қызметтерде бірыңғай байланыс жүйесінің болмауы мәселесін орталықтандырылған және мемлекеттік түрде шешуге мүмкіндік береді. Сенімді және тұрақты байланыс құтқару бөлімшелерінің тиімді жұмысының негізі болып табылады. Бүгін біз министрліктің барлық бөлімшелерін, соның ішінде өңірлік деңгейді қамтитын бірыңғай радиобайланыс жүйесін құруға маңызды қадам жасап жатырмыз. Бұл неғұрлым тез реакцияны қамтамасыз етеді, үйлестіруді жақсартады және халықтың қауіпсіздік деңгейін арттырады», — деп атап өтті Шыңғыс Әрінов.

  Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты жалғастыру және азаматтық қорғау саласында цифрлық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды іс жүзінде іске асыратынын түйіндеді.

  Айта кетейік, 2024 жылы ҚР ТЖМ делегациясы Шэньчжэнь қаласындағы Hytera компаниясының штаб-пәтеріне барып, қолданылатын жабдықтың өндірістік процесі мен техникалық мүмкіндіктерімен танысты.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/974936?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version