Ұлытауда санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы мамандарға жемқорлыққа қарсы түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру және адалдық қағидаттарын нығайту мақсатында Ұлытау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Департаментінің Превенция басқармасы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлеріне ақпараттық-түсіндіру іс-шарасын өткізді.
Кездесу барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, мүдделер қақтығысын болдырмау, этикалық нормаларды сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктері түсіндірілді.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, сондай-ақ, қоғамда «Заң мен Тәртіп» қағидатын нығайту маңыздылығына аса назар аударылды.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-ulytau/press/news/details/972998?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау