Семей жастары Бейбітшілік аралын тазартуға жұмылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Таза Қазақстан – жастар таңдауы» атауымен Семей қаласындағы Бейбітшілік аралында кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Аталған экологиялық шараға жастар белсене атсалысты.

Сенбілікке 1000-нан астам адам қатысты. Олардың қатарында жастар ұйымдарының мүшелері, еріктілер, студенттер, мемлекеттік қызметкерлер мен қала тұрғындары бар.

Іс-шара барысында арал аумағы тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, жасыл аймақтар абаттандырылды. Жиналған қоқыстар арнайы техниканың көмегімен шығарылды.

Мұндай сенбіліктер қаланың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, жастардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Тазалық – әр азаматтың ортақ міндеті екенін естен шығармайық.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/970528?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version