Шығыс Қазақстан облысында ЖОО мен колледж студенттері арасында ұйымдастырылған «Заң мен тәртіп» тақырыбындағы «Үздік баннер эскиздері» республикалық байқауының қорытындысы шығарылды. Конкурс ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің «Заң және тәртіп» нарративін насихаттауға бағытталған медиа жоспарына сәйкес өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және олардың құқықтық тәртіп пен құқықтық тәрбие мәселелеріне деген қызығушылығын жандандыру болды.
Конкурсты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ШҚО бойынша Департаменті Қазақстан-Американдық еркін университетімен бірлесіп жүзеге асырды және студенттер арасында құқықтық мәдениетті нығайтудағы маңызды қадам болды. Оған республиканың түкпір-түкпірінен 500-ден астам жұмыс қатысты, бұл жастардың заң мен тәртіп тақырыбына деген жоғары қызығушылығын көрсетеді. Қатысушылардың жұмыстары сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа, құқықтық сауаттылыққа және қоғамның барлық деңгейлерінде заңдылықты сақтаудың маңыздылығына қатысты көптеген мәселелерді қамтыды.
Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады. Бірінші орын Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті Гаухар Тәуекелқызы Калжановаға жоғары орындаушылық деңгейімен, идеяның өзіндік ерекшелігімен және көркемдік көзқарасымен ерекшеленген үздік эскизі үшін берілді. Жеңімпазға 100 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық және грамота табыс етілді. Екінші орынды «Есенов атындағы Университет» КЕАҚ студенті Джумабаев Адлет иеленді, оның жұмысы лайықты деңгейде орындағалған. Ол 70 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлықпен және грамотамен марапатталды. Үшінші орынды Жолдасқали Гүлназым стандартты емес ойлау мен өзіндік стилін көрсеткен сапалы және креативті жұмысы үшін алды. Оған 30 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық және грамота табыс етілді. Байқау қатысушылардың жоғары дайындық деңгейін көрсетті және студенттердің шығармашылық әлеуетін көрсету үшін тамаша платформа болды.
Үздік жұмыстар сыбайлас жемқорлыққа қарсы материал ретінде одан әрі қолданылады және елдегі заң мен құқықтық тәртіпті сақтау мәселелеріне қоғамдық назарды арттыру үшін пайдаланылатын болады.
#Заң_мен_тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/973810?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау