«Сыбайлас жемқорлықсыз өмір»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

    Глуховка ауылдық кітапханасында «Сыбайлас жемқорлықсыз өмір» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараға «Глуховка орта мектебі» КММ оқушылары қатысты. Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізер зияны, оның пайда болу себептері мен алдын алу жолдары сөз болды. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, түрлі жағдаяттарды талқылады. Шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында әділдік, адалдық құндылықтарын қалыптастырып, құқықтық сауаттылықты арттыру. Қатысушылар сыбайлас жемқорлықпен күрес – әрбір азаматтың міндеті екенін атап өтті.

Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-beskaragay/press/news/details/974636?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version