«Таза Қазақстан» – мектептегі сенбілік

Жарияланды:

Автор:

категорияда

“Таза Қазақстан” экологиялық бағдарламасы аясында Қоржынкөл ауылдық округінде аумақты абаттандыру жұмыстары жалғасуда. «Қоржынкөл жалпы білім беретін мектебі» КММ педагогтары мен оқушылары білім беру мекемесіне іргелес жатқан аумақты қоқыстан және түскен жапырақтан тазарту бойынша сенбілік өткізді. Климаттың өзгеруі, қоршаған ортаның ластануы және табиғи ресурстардың сарқылуы сияқты жаһандық экологиялық сын-қатерлер жағдайында табиғатқа саналы көзқарасты барлық деңгейде дамыту маңызды. Бұл саладағы білім ерте жастан бастап өмір бойы үздіксіз және қолжетімді болуы тиіс. Мұндай іс-шаралар экологиялық білім берудің бір әдісі болып табылады, өйткені бұл қоршаған ортаға қамқорлық қана емес, сонымен қатар еңбекке және өзінің шағын отанына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov-korzhynkol/press/news/details/974271?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version