ТЖ министрлігінде теңіз қауіпсіздігі мен құтқару перспективалары талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  ҚР ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығында ТЖ вице-министрі Батырбек Әбдішевтің төрағалығымен «ENTA INTERNATIONAL UK LTD» компаниясының өкілі Узи Сезермен кездесу өтті.

  Кездесу барысында теңіз операциялары саласындағы «Теңіз жасағы» акционерлік қоғамын одан әрі дамыту мәселелері қаралды. Теңіздегі іздестіру-құтқару жұмыстары (SAR), экологиялық операциялар, техникалық флот және кеме инспекциялары сияқты бағыттардағы ынтымақтастықтың болашағы талқыланды.

  Батырбек Әбдішев бұл бағыттарды дамыту «Теңіз жасағы» және жалпы теңіз қауіпсіздігі үшін стратегиялық маңызы бар екенін атап өтті.

  «Қазіргі заманғы сын-қатерлер мен халықаралық стандарттарды ескере отырып, теңіз бөлімшелерінің әлеуетін дамыту маңызды. «Теңіз жасағы» төтенше жағдайларға да, қоршаған ортаны қорғау міндеттеріне де тиімді ден қоюға дайын болуы тиіс. Біз осы салада тәжірибесі мен озық технологиялары бар халықаралық серіктестермен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделіміз», – деп вице-министр атап өтті.

  Узи Сезер өз кезегінде компания қызметінің негізгі бағыттарын таныстырып, әсіресе Каспий өңірінде және одан тыс жерлерде күш-жігерді үйлестіру шеңберіндегі тәжірибе мен технологиялармен алмасуға дайын екендігін білдірді.

  Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар теңіз операциялары саласындағы дайындық пен тиімділікті арттыру үшін өзара тиімді әріптестікті дамыту ниетін растады.

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/973960?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version