VI жастар ойындары: елордада гандболшылар бас жүлдені сарапқа салады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада қол добынан Қазақстан VI Жастар ойындары басталды.

7-13 сәуір аралығында өтіп жатқан жарыста 2004 жылғы қыздардан құралған жеті командалар жүлдеге таласуда. Олардың арасында Астана қаласы, Шымкент қаласы, Павлодар облысы, Түркістан облысы, Ақтөбе облысы, Қарағанды облысы, Қызылорда облысы бар.

2021 жылмен салыстырар болсақ, облыстардың саны әжептәуір азайған. Бірақ жүлдеге таласушылардың қатарына Павлодар облысының кіргенін де атап кеткен жөн.

Естеріңізге сала кетейік, ақпан айында бастау алған VI жастар ойындары қазан айына дейін жалғасады. Төрт жылда бір өтетін дүбірлі додада еліміздің барлық өңірінен жиналған жастар спорттың 34 түрі бойынша сынға түседі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/972637?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version