Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыс әкімінің орынбасары Дарын Шамуратовтың, мемлекеттік органдар, спорт мектептері басшыларының, жаттықтырушылардың, спорт федерациялары президенттерінің, турфирма басшылары мен кәсіпкерлердің қатысуымен спорт және туризм саласындағы жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қорытындыларын талқылады.
Іс-шара барысында Департамент басшысы Ерұлан Серікқалиев анықталған жемқорлық тәуекелдеріне егжей-тегжейлі тоқталып, оларды жою туралы ұсыныстарымен бөлісті.
Талдаумен бюджет қаражатын ұрлау, жалған құжаттарды пайдалану, спорт объектілерін тиімсіз пайдалану, кадр саясаты мен мемлекеттік сатып алудағы бұзушылықтар тәуекелдері анықталды. Ықтимал шығындардың жалпы көлемі 902 млн теңгеден асты, – деп атап өтті Ерұлан Серікқалиев.
Анықталған фактілерді жою үшін Департаментпен 22 ұсыныс енгізілді, оның 19-ы немесе 85% – ы орындалды.
Мәселен, жалған дипломдары бар 30 жаттықтырушымен еңбек шарттары тоқтатылды, мүдделер қақтығысы жойылды, 2 спорт нысаны мемлекет меншігіне қайтарылды.
Сонымен қатар, спорт нысандарында бейнебақылау жүйелерін енгізу, мамандандырылған колледждің жаңа ғимаратын салу және жалған жол жүру құжаттары бойынша төленген қаражатты қайтару мәселелері шешілмеген күйінде қалып отыр.
Сондай-ақ туризм саласындағы ахуал талданды. 2020-2024 жылдары бюджеттен бөлінген 349,7 млн теңгенің 57% игерілмеген және бюджетке қайтарылған. Өңірдің туристік аймақтарында — «Лотос алқабы», «Индер тұзды көлі», «Ақжайық» резерваты – туристер үшін базалық жағдайлар жасалмаған.
Сонымен қатар, веб-сайт пен ақпараттық бейнероликтерді жасауға бөлінген қаражат (2,2 млн теңге) мақсатына сай пайдаланылмағаны анықталды — сайт пен бейнероликтер жоқ.
Туризм саласындағы талдау қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған 19 ұсыныс енгізілді. Облыс әкімдігімен бірлескен іс-шаралар жоспары бекітілді, оны іске асыру 2025 жылғы жазғы туристік маусым басталғанға дейін аяқталуы тиіс.
Біз талдау қорытындысы бойынша әзірленген ұсынымдарды іске асыру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдаймыз. Қалған бұзушылықтарды жою бойынша жұмыс тұрақты бақылауда және қысқа мерзімде спорт және туризм салаларында тиімділік пен ашықтықты арттыру үшін қосымша қадамдар жасалатын болады, — деп атап өтті Дарын Шамуратов.
Бюджет қаражатын пайдалану саласындағы заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету өңірдің орнықты дамуының негізгі шарты болып табылады. Ашықтық, қолжетімділік және есеп беру принциптерін сақтау процестің барлық қатысушылары үшін басымдық болуы керек.
#Заңментәртіп
#Заң_мен_тәртіп
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-atyrau/press/news/details/972921?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау