«Заң мен Тәртіп» идеологиясы аясында А. Сағынов атындағы КТУ инновациялық технологиялар колледжінде түсіндіру сұхбаты өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында Қарағанды облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің инновациялық технологиялар колледжінің ұстаздары мен студенттері арасында түсіндіру сұхбаты өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты заңдардың маңыздылығы және олардың қоғамдағы тәртіпті сақтаудағы рөлін түсіндіру болды.

Одан басқа қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік, өз Отанында әділ мемлекет құрудың маңыздылығы, сондай-ақ адал оқу мен еңбек қызметінің қажеттілігі мәселелері айтылды.

Әділ қоғамды қалыптастыру үшін әрбір азаматтың, оның ішінде жастардың да құқықтық тәртіпті сақтаудағы өз рөлін түсінуі, осы процеске белсенді қатысуы және «Заң мен тәртіп» қағидаттарын қатаң ұстанудың қажетілігіне ерекше назар аударылды.

Заңның сақталуы жазадан аулақ болуға ұмтылу ғана емес, сонымен бірге қоғамдағы жалпы игілік пен тұрақтылыққа ықпал етеді деген ішкі сенімді арттыру қажет.

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП

#Жауапкершілік

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-karaganda/press/news/details/972558?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version