«Заң мен тәртіп»: Көкшетаудағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбындағы лекция

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 2 сәуірінде Көкшетау қаласының техникалық мектеп-лицейінің қабырғасында «Тәртіпті өзіңнен баста!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық дәріс өтті.

Іс-шараны Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын қолдау және жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды нығайту мақсатында ұйымдастырды.

Кездесу барысында Департамент қызметкері Бақыт Төребекова оқушыларға сыбайлас жемқорлықтың не екенін, оның түрлері мен қоғам үшін салдарын айтып, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдар қалай жұмыс істейтінін және оларды сақтау үшін қандай шаралар қабылданатынын атап өтті.

«Сыбайлас жемқорлық қоғамдық институттарды бұзып қана қоймай, сіздердің болашақтарыңызға да кері әсерін тигізеді – білім беру сапасын төмендетеді, мансаптық мүмкіндіктерді шектейді және қылмыстың өсуіне ықпал етеді», – деп атап өтті Б.Төребекова.

Сабақ соңында спикер әлеуметтік шағын фильм көрсетті, сондай-ақ тыңдаушыларды әрқашан заң және тәртіп қағидаттарын ұстануға және оның фактілеріне тап болған жағдайда өңір департаментіне немесе 1424 Call-орталығына хабарлауға шақырды.

 

#Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-aqmola/press/news/details/970797?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version