Заң мен тәртіп: студенттерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарға тәрбиелеу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Бүгін Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің ұйымдастырумен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенттерімен кездесу өткізілді.

  «Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында кездесу диалог форматында өтіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оған қарсы күрес, сондай-ақ жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша тиімді шаралар қолдану мәселелері талқыланды.

  Өз кезегінде,Департаменттің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі А.Талипова әділдік және жауапкершілік сияқты моральдық құндылықтарға тәрбиелеудің маңыздылығын, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен күресте әрбір азаматтың рөлі мен жауапкершілігін, қоғамдағы әділеттілік пен адалдықты нығайту үшін жастардың белсенділігі мен құқықтық сауаттылығын арттыру қажеттігі бойынша пікір білдірді.

  Шара барысында студенттердің сұрақтарына жауап беріліп, тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.

  Департамент жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, оларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тарту бойынша белсенді жұмысын жалғастырады.

#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗАКОНиПОРЯДОК
#АдалАзамат
#Әділдік
#Жауапкершілік
#Теңқұқылы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-kyzylorda/press/news/details/973481?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version