«Заң мен Тәртіп»: Ұлытаудағы денсаулық сақтау жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талқылау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

   Департамент әр қылмыстық іс шеңберінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде ұсынымдар енгізіп, олар кейіннен еңбек ұжымдарында қаралады.
   Департамент басшысының бірінші орынбасары Жаслан Хамитов, Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Алмаз Идырысов және медициналық мекемелер басшыларының қатысуымен өткен кеңейтілген жиын барысында денсаулық сақтау жүйесінде бақылау функцияларын жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері талқыланды.
   Әкім орынбасары Қылмыстық-процестік кодекстің 200-бабына сәйкес енгізілген ұсынымдарды орындаудың аралық нәтижелерін атап өтті.  Медициналық мекемелерде жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарының кемшіліктері аталып, жөндеу жұмыстарының аяқталуына көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді.
   «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында қатысушыларға жүргізілетін жұмыстардың сапасына ерекше назар аудару қажеттілігі, сондай-ақ барлық белгіленген стандарттар мен нормативтік талаптардың қатаң сақталуының маңыздылығы хабардар етілді.

 

#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-ulytau/press/news/details/972205?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version