Жайлы мектептердің құрылысын мониторингілеу аясында бүгін Департамент басшысы Таласбаева Гүлнар Темірболатқызы «Береке» шағын ауданындағы мектептің құрылыс нысанын аралады.
Құрылыс учаскесінің шебері Сағнаев Жанаттың айтуынша, нысанда 120 адам және ауыр техниканың 7 түрі жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда жұмыс түрлері бойынша жұмыстар 68% орындалды. Ішкі әрлеу және аумақты абаттандыру жұмыстары қалды. Инженерлік желілердің барлығы жүргізілді, канализациялық жүйелері бойынша жұмыстар қалды. Нысанды жұмыс кестесі бойынша тапсыру ағымдағы жылдың тамыз айына жоспарланған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-sko/press/news/details/971232?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау