Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарды қаралды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 9 сәуірінде Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Отырыстың жұмысына ШЖҚ «Екібастұз ветеринарлық станциясы» КМК басшысының м.а. А.Таурбаев, «Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысының м.а.А.Копежанов, «Экибастуз- сервис» МКК директоры А.Амерханов, «Қоршаған ортаны қорғау»ҚБ өкілдері В.Ахмадиев, В.Пинчук қатысты.
«Екібастұз қаласы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарды бекіту туралы» Екібастұз қалалық мәслихаты шешімінің жобасы қаралды.
Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар-жеке сипаттамаларын (құнарлылығын, пайдаланудың техникалық қасиеттерін, табиғи-климаттық, экологиялық және басқа да ерекшеліктерін) ескере отырып, әрбір жер учаскесін неғұрлым оңтайлы пайдалануды қамтамасыз ететін іс-шаралар кешенін қамтитын жайылымдар аумағын таяу болашаққа ұйымдастыру мен орналастыруды айқындайтын және негіздейтін құжат.
Жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары Меруерт Калиева хабарлағандай, Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, азыққа деген қажеттілікті орнықты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болдырмау мақсатында 5 жылға қабылданады. Жоспарда әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю дәстүрлері ескерілген.
Талқылау қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес нормативтік құқықтық актінің жобасын қолдау туралы шешім қабылдады.
Қоғамдық кеңес мүшелері «Қоршаған ортаны қорғау» қоғамдық бірлестігінен түскен жұмыс істеп тұрған аттракциондарды Шахтер саябағының аумағынан «Екібастұз қаласының 50 жылдығы» скверінің аумағына көшіру мәселесі бойынша хатын талқылады. Талқылауға қатысушылар негізгі мәселелерге назар аударып, бірқатар ұсыныстар әзірледі. Қоғамдық кеңес айтылған ұсынымдарды «Экибастуз сервис» МКК жіберу туралы шешім қабылдады .

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/press/news/details/972959?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version