Кентау қаласында “Таза Қазақстан” экологиялық тазалық шарасы аясында жалпыхалықтық сенбілік өтті. Бұл шараға қаладағы барлық бөлім және 30-жуық мекемеден 350-жуық қызметкерлер, еріктілер және қала тұрғындары қатысты.
Нәтижесінде 12 арнайы техника тартылып, 50 тоннаға жуық қоқыс арнайы полигонға шығарылды.
Жалпы жыл басынан бері Кентау қаласы мен ауылдарда сенбілік шаралары ұйымдастырылып келеді. Сенбілікке қатысқан қызметкерлер саны 2042. Оның ішінде еріктілер 383, тұрғындар саны 1030, қалғаны түрлі сала қызметкерлер. Тазалау барысында 320-ға жуық қоқыс шығарылған. Тазартылған аумақ 18 га қүраса, егілген ағаш 4800 құрап отыр.
Алайда коммуналдық қызметтің күнделікті қала аумағын тазарту, әрлеу, талдарды суғару, гүл отырғызу, саябақтар мен аллеяларды қалыпқа келтіру, субұрқақтарды әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.
Тазалық шарасына әр сенбіде барлық тұрғындардың да атсалысуы жұмыстың әліде жүйелі жүргізілуіне септігі тиері анық.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/971765?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау