“Жас сарбаз” балалар студиясының бишілері XI аймақтық Дельфий ойындарында үздік атанды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанадағы Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік филармонияда XI аймақтық Дельфий ойындары өтті.

Онда “Жас сарбаз” балалар шығармашылық студиясының би тобы “Халық биі” (10-13 жас санаты) номинациясында бірінші орынды иеленді. Шығармашылық сайысқа елорданың 15 би ұжымы қатысты. 

– Біз жақында ғана Ташкенттен оралдық. Онда I Love tо danсе халықаралық байқауында бишілеріміз Гран-при мен “Үздік халық биі” номинациясында бірінші орынды жеңіп алды. Бұл жеңістердің бәрі тәрбиеленушілердің шығармашылық тұрғыда жетілуіне деген ұмтылысын арттырады, –деді “Жас сарбаз” балалар студиясының көркемдік жетекшісі 3-сыныпты сержант Альмира Асылбекова.

Енді үш би ұжымы, оның ішінде “Жас сарбаз” студиясының тәрбиеленушілері алдағы маусым айында Қарағандыда өтетін Ұлттық дельфий ойындарында Астананың намысын қорғайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/970585?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version