Жиын барысында аймақ басшысы өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу жолында барлық саяси күштердің өзара ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті.
Іс-шараға облыстық мәслихаттың төрағасы Шалқар Байбеков, сондай-ақ «Amanat», «Ауыл», «Ақ жол», «Қазақстанның халық партиясы», «Respublica» және «Байтақ» партияларының облыстық филиалдарының төрағалары қатысты.
– Бүгінгі кездесу – алдағы бірлескен жұмыстың берік іргетасы. Біз, жергілікті атқарушы билік ретінде, нақты ұсыныстар айтып, қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеретін кез келген партиямен тығыз әрі конструктивті ынтымақтастық орнатуға дайынбыз, – деп түйіндеді облыс әкімі.
Кездесу барысында партия филиалдарының төрағалары ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлікті қолдау, экология, білім және мәдениет салаларындағы өзекті мәселелер мен ұсыныстарын ортаға салды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-abay/press/news/details/975401?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау