ҚЫЗЫЛКӨЛ КӨЛІНІҢ АУМАҒЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Қызылкөл көлінің аумағында «Жастар Таза Қазақстан үшін!» және «Қоршаған ортаны қорғайық!» атты тазалық акциясы ұйымдастырылды.
Игі шараға аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков, «Шаңырақ» жастар мен жас отбасыларды қолдау орталығының мүшелері, белсенді жастар мен жергілікті тұрғындар жұмыла қатысты. Қызылкөл маңы мен көлге апарар жол бойы тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Сондай-ақ қоршаған ортаның тазалығын сақтау мақсатында арнайы пластик қалдықтарға арналған қоқыс жәшіктері орнатылды.
Аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы
«Таза табиғат — жарқын болашақтың кепілі. Қоршаған ортаны қорғау — әрбір азаматтың міндеті. Бүгінгі сенбілікке атсалысып, табиғатқа жанашырлық танытқан баршаңызға алғысымды білдіремін. Осындай бірлігіміз бен жанашырлығымыз көпке үлгі болсын!» — деп, қатысушыларға жүрекжарды тілегін білдірді.
Айта кетейік, аталған акция бұған дейін 7-11 сәуір аралығында аудан аумағындағы 12 ауылда өткізіліп, акцияға 972 адам атсалысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-suzak/press/news/details/975310?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version