Шыңғыс Әрінов Қарағанды облысында жаңа өрт сөндіру техникасының кілттерін табыстады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов Төтенше жағдайлар департаментінің аудандық бөлімшелеріне жаңа өрт техникасының кілттерін табыс етті.

  Салтанатты рәсім Қарағанды қаласының орталық алаңында облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен ардагерлерінің қатысуымен өтті.

  «Материалдық-техникалық базаны нығайту және төтенше жағдайларға дайындықты арттыру басымдықтар болып қала береді. Біз қызметті дәйекті түрде жаңғыртып, құтқарушылар үшін жағдайды жақсартып жатырмыз. Менің міндетім — әрбір техника мен әрбір бөлімшенің кез келген төтенше жағдайларға дайын болуы. Егер бұл техника адам өмірін құтқарып қалуға ықпал етсе, бұл жұмысымыздың нәтижесі. Бір ғана нәрсені сұраймын, техниканы ұқыпты ұстаңыздар», – деп Шыңғыс Әрінов атап өтті.

  Өткен жылы республикалық бюджет есебінен азаматтық қорғау бөлімшелерінің техника паркі айтарлықтай жаңартылды. Бұл төтенше жағдайларға ден қоюдың жеделдігі мен тиімділігін арттырады, сондай-ақ жеке құрамның жұмыс жағдайларын жақсартады.

  Министрлік елміздегі бөлімшелерді техникалық қайта жарақтандыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/975111?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version