Ұлытау облысында заңсыз мұнай өнімдері тәркіленді

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ұлытау облысының аумағында заңсыз мұнай өнімдерін сату фактісі анықталды. Атап айтқанда, жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген тұлға жергілікті тұрғындарға құны 600,0 мың теңгеден асатын 2 540 литр мұнай өнімін сатқан.
Бұл заң бұзушылықты Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері бірлескен рейдтік іс-шаралары барысында анықтады.
Аталған факт бойынша әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік шаралары қарастырылған. Заң бұзушылықтың Құқық бұзушылықтың тікелей нысанасына айналған акцизделетін тауарлар тәркіленді.
Тиісті лицензиясыз, тауарларға ілеспе жүк құжаттарынсыз және сәйкестендіру құралдарымен таңбаланбаған акцизделетін өнімді Қазақстан Республикасының аумағында өткізуге тыйым салынғанын еске саламыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-ulytau/press/news/details/975376?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version