11 сәуір күні Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың және “Білім-Инновация” Қорының президенті Өте Дархан Ермаханұлының қатысуымен кең көлемді кездесуі өтті. Кездесу барысында өңірдегі білім беру сапасын арттыруға бағытталған бірқатар маңызды бастамалар талқыланып, нәтижелері жарияланды.
Атап айтқанда, Өскемен қаласының 22-шағынауданында дарынды ұлдар мен қыздарға арналған 1200 оқушыға жаңа «Білім-Инновация» лицейінің және 600 орындық интернаттың құрылысы басталатыны хабарланды. Жоба 2025–2027 жылдары жүзеге асырылады деп күтілуде. Қазіргі таңда жер телімі бөлініп, жобалау жұмыстары басталған.
Шара соңында облыс әкімі білім саласының дамуындағы жүйелі жұмыстар жалғасатынын атап өтіп, дарынды жастарға қолдау көрсету әрдайым басым бағыттардың бірі болып қала беретінін жеткізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/974954?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау